Саяхат
Көзіңді жұм. Сен мені анық естіп тұрсың, қолыңды алға соз, менің қолымнан ұста, жетегіме ер, басыңды еш жаққа бұрма, естіген дыбысқа мән берме. Біз келдік.
Көзіңді аш. Біз жансыз қаладамыз, үйлердің сырттарының сылаулары сұр түсті қатпар-қатпар болған қабыршық, екі жылда бір бүркіп жауатын көк түсті жаңбыр суы жиналған шаңды қабыршық қылып қатырады.
Барлық үйлердің күнге қараған жағынан қарасаң арт жағында бір-ақ пейзажды көресің -үлкен қара тау. Жел тұрса тау үстінен сұр шаң-тозаңнан тұратын бұлт үзіліп ұшады.
Қазір көз алдыңда сағым көресің, жайылған мыңдаған табын-табын жабайы жылқыны, қалың шөпке шалынып жыртқыштан үркіп шауып бара жатқан елікті ұшып жүрген кіші, үлкен құстарға толы аспанды көресің.
Қайтатын уақыт келді. Көзіңді жұм. Қорықпа, қараңғы түнекке батсаң. Артқа бір қадам жаса, екінші қадамыңды жаса, үшіңді қадамыңда сүрінесін, менің қолымнан қолыңды үзесің. Көзіңді ашқанға асықпа, соққан жүрегіңді есті, кең демалып кеудеңнен деміңді шығар, демалғанда көзіңді аш.
Әрі қарай